Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының аға оқытушысы Ұлыбританияның Рединг университетінде Халықаралық “Болашақ 500-ғалым» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті.Farabi University

Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының аға оқытушысы Ұлыбританияның Рединг университетінде Халықаралық “Болашақ 500-ғалым» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті.

15 мамыр, 2025

Механика-математика факультетінің математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының аға оқытушысы Сагимбаева Лида Абсултановна 2024-2025 оқу жылында Ұлыбританияның Рединг университеті, Білім беру институтында «Компьютерлік ғылымдар теориясы және әдістемесі» бағыты бойынша халықаралық тағылымдама бағдарламасын сәтті аяқтады.

Тағылымдама барысында оқытушымыз Рединг университетінің профессорлары мен зерттеушілерінен  «Тұрақты даму», «Білімдегі жасампаздық» және «Инклюзивті білім беру» сияқты заманауи тақырыптар бойынша білім алды, Blackboard Ultra, GenAI (жасампаз жасанды интеллект) және STEM-әдістемелері сияқты инновациялық білім беру технологияларымен тікелей жұмыс істеу тәжірибесін жинақтады. Сонымен қатар, ол ғылыми жобаларға белсенді қатысып, Қазақстан контекстіндегі инклюзивті білім беру мәселелеріне арналған мақалалар жариялады, сондай-ақ университеттің ғылыми конференцияларына, мәдени экскурсияларға (Bletchley Park, университет мұражайлары) қатысу арқылы халықаралық тәжірибені тереңірек меңгеру мүмкіндігіне ие болды.

Оқытушымыз тағылымдама нәтижелерін ҚазҰУ-да және Қазақстан білім беру жүйесінде қолдану бойынша келесі бағыттарды жоспарлап отыр: факультет оқу бағдарламаларына жасанды интеллект пен цифрлық педагогика әдістерін енгізу, инклюзивті STEM-білім беру саласында мұғалімдер мен студенттерге арналған арнайы семинарлар өткізу, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелерін халықаралық ғылыми басылымдарда жариялау.

2025 жылдың 19 наурызында тағылымдаманы сәтті аяқтағаны үшін оқытушымызға ресми сертификат тапсырылды.