Нұрсұлтан Зайзағалиев дзюдодан XIII жазғы Универсиаданың чемпионы атандыFarabi University

Нұрсұлтан Зайзағалиев дзюдодан XIII жазғы Универсиаданың чемпионы атанды

19 мамыр, 2025

Нұрсұлтан Зайзағалиевті керемет жетістігімен құттықтаймыз!
Ол 2025 жылғы 14–19 мамыр аралығында Түркістан қаласында өткен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының XIII жазғы Универсиадасында дзюдодан чемпион атанды. Бұл – оның спорттық мансабындағы маңызды оқиға және мақтануға тұрарлық жетістік.

Нұрсұлтан – медицина және денсаулық сақтау факультетінің 2-курс студенті, "Дене шынықтыру" мамандығы бойынша білім алуда. Ол халықаралық ареналарда да өзін таныта білді: 2022 жылы Таиландта өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленді. Сонымен қатар, ол жастар арасындағы Еуропа және Азия кубоктарының жүлдегері.

Нұрсұлтанның алдына қойған асқақ мақсаты – Олимпиада ойындарына қатысу, және ол осы арманына жету жолында күн сайын аянбай еңбек етуде. Оның табандылығы мен жетістіктері бүкіл елдегі жас спортшыларға шабыт береді.

Нұрсұлтанға жаңа жеңістер, мықты денсаулық және Олимпиада тұғырына сенімді қадам тілейміз!