Химиялық технологиялар бойынша XI Халықаралық Ресей–Қазақстан конференциясыFarabi University

Химиялық технологиялар бойынша XI Халықаралық Ресей–Қазақстан конференциясы

19 мамыр, 2025

Новосібір қаласында «Функционалдық материалдардың химиялық технологияcы» атты XI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл шара әртүрлі елдерден келген жетекші ғалымдар, инженерлер мен өнеркәсіп өкілдерін біріктірді.

Іс-шараның ұйымдастырушысы — Новосібір мемлекеттік техникалық университеті, ал оның серіктесі ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қолдау көрсетті. Олар химияны жай ғана ғылым емес, ынтымақтастықтың, инновацияның және шабыттың тіліне айналдырған орта құрды.

Конференция аясында 100-ден астам баяндама ұсынылып, заманауи химия ғылымы мен технологияларының негізгі бағыттарын қамтитын үш тақырыптық секция өткізілді:

  • Катализаторлар, композициялар, наноқұрылымды жабындар сияқты функционалдық материалдарды әзірлеу және қолдану;
  • Экологиялық бағыттағы технологиялар мен жасыл химия қағидаттары;
  • Химиялық-технологиялық үдерістерді цифрландыру, модельдеу және автоматтандыру;
  • Ғылыми зерттеулер мен өндірістік сектор арасындағы өзара әрекеттестік.

Конференцияда жас ғалымдарды қолдауға ерекше көңіл бөлінді. Олардың тың идеялары мен өзекті мәселелерге жаңаша көзқарасы үлкен қызығушылық тудырып, ғылыми мектептердің тұрақты дамуына үміт берді.

Конференция тәжірибе алмасу, кәсіби байланыстар орнату және халықаралық ынтымақтастық перспективаларын талқылау үшін маңызды алаңға айналды.

Конференция материалдары Web of Science дерекқорына енгізілген Chemistry for Sustainable Development журналында жарияланады.

 

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доцент м.а. Канапиева Ф.М.