Тортубек Әдилет жастар арасында Азия чемпионы атанды
.jpeg)
Тортубек Әдилетті Азия чемпионы атағымен құттықтаймыз!
Медицина және денсаулық сақтау факультетінің 1-курс студенті, «Спорт, спорттық-сауықтыру технологиялары және фитнес» мамандығы бойынша білім алып жатқан Тортубек Әдилет жастар арасындағы Азия чемпионатында жеңіске жетіп, чемпион атанды!
Бұл – спортшының жоғары деңгейдегі дайындығы мен халықаралық аренада көшбасшы болуға деген ұмтылысын дәлелдейтін ерекше жетістік. Жастар арасындағы Азия чемпионатындағы жеңіс – жай ғана спорттық жетістік емес, сонымен қатар оқу мен спортты қатар алып жүрген барлық студенттерге үлгі боларлық оқиға.
Әдилеттің бұл жетістігі – табанды жаттығулардың, мақсаткерліктің және жаттықтырушылар қолдауының нәтижесі. Бұл жеңіс – ҚазҰУ студентінің тек білімде ғана емес, әлемдік спорт аренасында да биіктерге жете алатынын көрсетеді.
Тортубекке жаңа жеңістер, мықты денсаулық, өз күшіне сенімділік және спорттық Олимптің биігін бағындыру жолында табыс тілейміз!