“ Абай және түрік дүниесі, тілі, әдебиеті, мәдениеті”Farabi University

“ Абай және түрік дүниесі, тілі, әдебиеті, мәдениеті”

22 мамыр, 2025

Әл-Фараби университеті және Кастамону университеті қазақтың ұлы ақыны Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай бірлесе ұйымдастырған“ Абай және түрік дүниесі, тілі, әдебиеті, мәдениеті”  атты халықаралық-ғылыми теориялық конференция өтті.

Іс-шара барысында ғалымдар Абайды жан-жақты талдап, ұлы ақынның мұраларын саралады. Пленарлық мәжілісте сөз бастаған ф.ғ.д., профессор Анар Бекмырзақызы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорының құттықтауын оқып, Кастамону университетінің профессоры Орхан Сөйлемез мырзаға табыстады. Өзінің тағылымы мол дәрістерін Дандай Ысқақұлы, Анар Салқынбай, Нажие Ата Йылдыз, Мағрипа Ескеева,  Орхан Сөйлемез,Екем Аян сынды үлкен ғалымдардың баяндамаларымен пленарлық мәжіліс өтті.

Абайдың артында қалған мол мұрасы — әр ұрпаққа бағыт-бағдар, ұлттың рухани қазынасы.