Oxford University Press ұйымдастырған семинар-тренингFarabi University

Oxford University Press ұйымдастырған семинар-тренинг

23 мамыр, 2025

Механика кафедрасының аға оқытушысы, PhD Ахметова Балжан Ибрагимқызы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында өткен «Oxford University Press академиялық платформасы» атты семинар-тренингке қатысты.

🔍 Іс-шара бағдарламасына кірді:
— Oxford Academic Journals, Oxford Scholarship Online және Oxford Medicine платформаларымен танысу
— Академиялық аудиторияға арналған «How to Get Published» атты сессия (ағылшын тілінде)
— Марчин Дембовскийдің (Oxford University Press аймақтық менеджері) баяндамасы

✨ Семинар қорытындысы бойынша қатысушы оқу курсынан өткені жөнінде сертификат алды. Бұл — әлемдік ғылыми білім мен баспа тәжірибесіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін өте құнды тәжірибе болды.

🌍 Мұндай іс-шараларға қатысу ТДМ 4: Сапалы білім мақсатына жетуге өз үлесін қосады.

Ұйымдастырушыларға пайдалы әрі шабыттандыратын іс-шара үшін алғысымызды білдіреміз!

Ахметова Балжан Ибрагимқызы