Ашық кураторлық сағат: “Шығыстың ұлы ойшылы – әл-Фараби”Farabi University

Ашық кураторлық сағат: “Шығыстың ұлы ойшылы – әл-Фараби”

26 мамыр, 2025

2025 жылдың 22 мамырында сағат 14:00-де, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары мектеп ғимаратының 222 аудиториясында орта ғасырдағы ұлы философ, ғалым-энциклопедист Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығына арналған кураторлық сағат өтті.

Университетімізге оның есімі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен берілгені біз үшін үлкен мақтаныш.

Іс-шараны PhD, аға оқытушы Илья Владимирович Пинский өткізді.
Бейне және фото түсірілімін PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Жанар Сырлыбайханқызы Құдиярова жүргізді.

Іс-шараға GM spring 24-05 кураторлық тобының келесі студенттері белсене қатысты:

  • Дар Фааиз Фероз (топ старостасы)

  • Нарлы Керем Джем

  • Амин Залфа

  • Абу Хамдан Айя

  • Фарук Мехран

  • Өлмез Назлы
    (Фотосуретте – солдан оңға қарай)

Іс-шара қызықты әрі мазмұнды өтті, қатысқан студенттер пайдалы ақпарат алып, жақсы әсермен тарады.