«Әйелдердің құқықтары және оларды қорғау тетіктері: стандарттардан қолдауға дейін»Farabi University

«Әйелдердің құқықтары және оларды қорғау тетіктері: стандарттардан қолдауға дейін»

22 мамыр, 2025

2025 жылғы 22 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әйелдердің құқықтары және оларды қорғау тетіктері: стандарттардан қолдауға дейін» атты конференция өтті. Іс-шара ЕҚЫҰ-ның қолдауымен ұйымдастырылды.

✅ Конференцияның негізгі мақсаты – әйелдердің құқықтарын қорғау тетіктерін жан-жақты талқылау, қолданыстағы стандарттарды саралау және құқықтық әрі әлеуметтік қолдаудың тиімді жолдарын қарастыру.

Шарада гендерлік теңдік, кемсітудің алдын алу және әйелдердің мүдделерін қорғаудағы құқықтық нормалардың қолдану тәжірибесі басты назарда болды.

❇️ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы белсенді қатысып, өз зерттеулері мен ұсыныстарын ортаға салды.

🔰 Мұндай іс-шаралар адам құқықтарын қорғаудың маңыздылығын түсінуді қалыптастырып, инклюзивті және әділетті қоғамды дамытуға ықпал етеді.

#ҚазҰУ #әйелқұқықтары #ЕҚЫҰ #құқық #құқыққорғау #KazNU #OSCE #genderequality