Халықаралық деңгейдегі серіктестік: Қытайлық әріптестердің ҚазҰУ заң факультетіне сапарыFarabi University

Халықаралық деңгейдегі серіктестік: Қытайлық әріптестердің ҚазҰУ заң факультетіне сапары

27 мамыр, 2025

2025 жылғы 27 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетіне Қытай саяси ғылымдар және құқық университетінің делегациясы ресми сапармен келді.

📌 Заң факультетінің деканы Ахатов У.А. қонақтарды құттықтап, факультеттің тарихы, жетістіктері және білім беру бағдарламаларымен таныстырды.

✅ Қытай тарапынан делегация құрамына кіргендер:

  1. Цзянь Цзэтин — Университет Кеңесінің Төрағасы;

  2. Ли Вэйхай — Цзянсу саяси және құқық университетінің заң факультеті профессоры, Синьцзян құқық басқару институтының төрағасы;

  3. Ли Цюньин — Саяси ғылымдар және мемлекеттік басқару факультетінің профессоры;

  4. Люй Юн — Халықаралық ынтымақтастық және алмасу офисінің директоры;

  5. Чжан Хунчже — Доцент, даму және пәндерді құру бойынша орынбасар директор.

❇️ Кездесу жылы және конструктивті атмосферада өтті және біздің университеттер арасындағы академиялық ынтымақтастықты дамыту жолында маңызды қадам болды.

“Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық” кафедрасы

#халықаралықынтымақтастық #заңфакультеті #делегациясапары #құқық #жоғарыбілім #қытай #университеттер #академиялықалмасу