Қазақстан мен Ұлыбританиядағы жоғары оқу орындарындағы білім берудің ықпалдастығыFarabi University

Қазақстан мен Ұлыбританиядағы жоғары оқу орындарындағы білім берудің ықпалдастығы

5 мамыр, 2025

2025 жылдың 5 мамырда 4-ТДМ «Сапалы білім» аясында филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы ұйымдастыруымен «Қазақстан мен Ұлыбританиядағы жоғары оқу орындарындағы білім берудің ықпалдастығы: білім сапасы, академиялық еркіндік және болашаққа бағыт» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шараның модераторы – қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Алуа Берікбайқызы Темірболат болды.

Дөңгелек үстел онлайн және офлайн форматта өтті. Іс-шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Гүлістан мемлекеттік университетінің (Өзбекістан) оқытушылары мен докторанттары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында филология ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Баймырзақызы Ержанова, филология ғылымдарының докторы, Орталық Ланкашир университетінің профессоры Ольга Марковна Табачникова баяндама жасады.

Университетте оқу тәжірибесімен профессор О.М. Табачникованың докторанттары мен магистранттары бөлісті. Стивен мен Маркус Ұлыбританияның жоғары оқу орындарындағы студенттердің білімін бағалау жүйесі, студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру туралы айтты.

Дөңгелек үстелге қатысқан оқытушылар мен докторанттар сұрақ қойып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Қазақстан мен Ұлыбританияның білім беру жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктері атап өтілді.

Дөңгелек үстел соңында қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы мен Ланкашир орталық университеті арасында ғылым мен білім беру, кадрларды бірлесіп даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы шешім қабылданды.