- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Маркетинг» және «Логистика» мамандықтарының 1-курс студенттерінің «КЕРЕМЕТ СУ СКЕ» ЖШС (SAMAL_WATER сауда белгісі) кәсіпорнына оқу экскурсиясы
«Маркетинг» және «Логистика» мамандықтарының 1-курс студенттерінің «КЕРЕМЕТ СУ СКЕ» ЖШС (SAMAL_WATER сауда белгісі) кәсіпорнына оқу экскурсиясы

Оқу тәжірибесі аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Экономика және бизнес жоғары мектебі факультетінің, «Бизнес-технологиялар» кафедрасының 6B04107 – «Маркетинг» және 6B11301 – «Логистика (салалар бойынша)» білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттері «SAMAL_WATER» сауда белгісімен өнім өндіретін «КЕРЕМЕТ СУ СКЕ» ЖШС кәсіпорнына оқу экскурсиясына қатысты.
2025 жылғы 27–29 мамыр аралығында студенттер кәсіпорынның өндірістік процестерімен танысып, су құю кезеңдерімен, сапаны бақылау жүйесімен, логистикалық операциялармен және өнімді нарыққа жылжыту стратегиясымен танысты. Компания өкілдері тиімді бизнес-модельдерді құру және маркетинг пен логистиканы басқарудың заманауи тәсілдері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Бұл іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №4 – «Сапалы білім беру» мақсатын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Мұндай іс-шаралар университет пен бизнес қауымдастығы арасындағы байланысты нығайтып, студенттердің оқуға және кәсіби дамуға деген ынтасын арттырады, сондай-ақ жаңа буынның бәсекеге қабілетті мамандарын даярлауға берік негіз қалайды.
Ұйымдастырушы: «Бизнес-технологиялар» кафедрасы
Басқа жаңалықтар
