Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жоғары экономика және бизнес мектебінде Чэнду Өнеркәсіп және сауда университетінің өкілдерімен кездесу өттіFarabi University

Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жоғары экономика және бизнес мектебінде Чэнду Өнеркәсіп және сауда университетінің өкілдерімен кездесу өтті

31 мамыр, 2025

2025 жылғы 29 мамырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары экономика және бизнес мектебінде Қытай Халық Республикасының Чэнду қаласындағы Өнеркәсіп және сауда университетінің Қаржы және сауда мектебінің өкілдерімен ресми кездесу өтті.

Шетелдік делегация құрамында мектеп деканы қауымдастырылған профессор Ли Шан және профессор Ли Дзие болды. Кездесу барысында тараптар академиялық және ғылыми ынтымақтастықтың болашағын, оның ішінде бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізу, халықаралық конференциялар мен тағылымдамалар ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Кездесу достық және конструктивті атмосферада өтті. Екі тарап та ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға мүдделілік білдіріп, бұл ынтымақтастық ЖЭБМ-нің халықаралық байланыстарын кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Мұндай кездесулер университеттер арасындағы ғылыми және мәдени байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.