«Біз таза қала үшін!» тақырыбындағы экологиялық дәріс
«Біз таза қала үшін!» тақырыбындағы экологиялық дәріс Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының студенттері үшін Эколог күні мен жаңа EcoHub-тың іске қосылуына орай ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — студенттердің назарын қалдықтарды тұрақты басқару, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастыру және жастар арасында экологиялық сананы арттыру мәселелеріне аудару.
Дәрісті эколог, экотренер, ECO желісінің негізін қалаушы және Қазақстандағы экологиялық қозғалыстың белсенді қатысушысы Надежда Ващенко жүргізді. Ол қатысушылармен өзінің жеке тәжірибесін, елдегі экологиялық жағдайға қатысты талдауларын және практикалық ұсыныстарын бөлісті.
Дәріс барысында келесі маңызды тақырыптар қарастырылды:
- Қоршаған ортаны қорғаудағы жеке адамның рөлі — әрбір азамат қарапайым күнделікті әрекеттері арқылы қаланың тазалығына және орнықты болашағына үлес қоса алады;
- Қалдықтарды бөлек жинаудың маңыздылығы — бұл қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемін азайтып, қайта өңдеу үлесін арттыруға ықпал етеді;
- Қазақстандағы қалдықтарды қайта өңдеу инфрақұрылымы — қолданыстағы мүмкіндіктер, қиындықтар және оларды еңсеру жолдары;
- Жастардың экологиялық бастамаларын жандандыру — студенттер қоғамдағы оң өзгерістердің қозғаушы күші бола алады.
Іс-шара студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен және университет пен қаланы экологиялық жағынан таза ету идеяларымен бөлісті. Бұл дәріс жастардың экологиялық жауапкершілігін дамыту және орнықты өмір салтын қалыптастыру бағытында маңызды қадам болды.
Басқа жаңалықтар
