Экологиялық білім: агробиостанциядағы дала сабағы
2 маусым, 2025
ALMA-KIKA бастамасы аясында және Эколог күніне орай ЮНЕСКО-ның Тұрақты даму кафедрасының доценттері Садырова Г.А. мен Таныбаева А.К. 2 курс «Экология» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған дала сабағын өткізді.
Сабақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Байсерке ауылында орналасқан агробиостанциясында өтті. Студенттер биоалуантүрлілікті сақтау тақырыбында дәріс тыңдап, практикалық бөлімде гербарий жинау әдістерімен, өсімдіктердің құрылысымен және басқа да далалық зерттеу тәсілдерімен танысты.
Мұндай тәжірибелік сабақтар болашақ экологтардың кәсіби дағдыларын дамытуға, табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті қалыптастыруға зор үлес қосады.
Басқа жаңалықтар

30 маусым, 2025

30 маусым, 2025