
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде «Еуропалық одақтағы энергетикалық қауіпсіздікке жаңа көзқарастар» тақырыбында доктор Шимон Кардаш арнайы дәріс оқыды.
Шимон Кардаш – саяси ғылымдар докторы (2010), Варшава университетінің (Польша) саясаттану және халықаралық зерттеулер факультетінің ғылыми қызметкері әрі доценті.
Дәріс барысында ол Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының студенттеріне Украинадағы соғыс басталғаннан бері Еуропалық одақ елдері тап болған энергетикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде мазмұнды баяндама жасады. Сондай-ақ ЕО шеңберіндегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты ықтимал шешімдер мен жаңа тәсілдерге тоқталды.
Студенттер дәріске үлкен қызығушылық танытып, Еуроодақ елдерінің энергетикалық саясаты, аймақтық және ұлттық қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер, Украинадағы соғыстың ықпалы туралы сауалдар қойды.
Дәріс соңында доктор Кардаш академиялық ұтқырлық бағдарламалары, атап айтқанда Варшава университетінде бір семестр оқу мүмкіндігі мен магистратураға түсу тәртіптері жөніндегі сұрақтарға жауап берді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
