Мәңгілік ел: Ұлтаралық татулықтың алтын бесігіFarabi University

Мәңгілік ел: Ұлтаралық татулықтың алтын бесігі

25 мамыр, 2025

Тәуелсіздік жылдары бауырлас Түрікменстан мен Қазақстанмен достық қарым-қатынасты сәтті дамып, нығайып жатқаны аян. Түрікменстан мен Қазақстанды ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи-мәдени қауымдастық біріктіреді. Орта Азияда іргелес орналасқан Түркменстан  мемлекеті мен Қазақстанның достық қарым-қатынасының айқан куәсі – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне студенттердің келіп бірнеше мамандық бойынша жоғарғы білім алу қарқынының жылдан-жылға артуы. Түрікмен студенттердің саны көбейюіне байланысты туыс елдің салт дәстүр мәдениетіне деген қызығушылық күннен-күнге өсе түсуде. Алматы қаласында мамырдың 25-і күні Түрікмен Этномәдени орталығы мүшелерінің, Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының студенттері мен оқытушыларының қатысуымен ұлттық тағамдар мен салт-дәстүрлерін ұлықтауға, таныстыруға арналған іс-шара ұйымдастырылды. Аталмыш іс шарада түркімен ұлттық тағамдары «фитчи», «дограма» әзірленіп келген қонақтарға ұсынылды. Шараны 7 арна телевидениесі  келіп арнайы түсірілім жасады.

 

            Түрікмен Этномәдени орталығы мүшесі Гульнара Атаевна «Екі ел арасындағы достық байланыс нығайту болашақ ұрпақ үшін өте маңызды» деп атап өтті.  Аталмыш іс-шараға жауапты оқытушылар Ә.Байелі мен А.Төңкер қазақ және турікмен студенттер арасындағы татулық пен достық оқуда қиындақ тудырмай керісінше бір-біріне қолдау болып табылғандығын, студенттердің оқуда оң нәтиже көрсетуіне ықпал етіп отырғанын атап айтып, іс шараны қорытындылады.

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушылары:

Байелі Әсел Жарылқасынқызы 

Төнкер Айсулу