Әбу Насыр әл-Фараби

14 ақпан, 2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсізігінің жариялануына байланысты 1991 жылы 23 қазанда С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне ұлы ғалым, ойшыл және энциклопедист ғалым, «Шығыстың екінші ұстазы - Әбу Насыр әл-Фарабидің» аты берілді.

Жетекші ұлттық университетке әл-Фараби есімінің берілуі бұрынғы ата-бабаларымыздың мәдениеті мен тарихи ғибраттарын студент жастарды тәрбиелеуде және барлық жас ұрпаққа Отанға деген сүйіспеншілік рухында білім беруде аса зор мәнге ие. Қазақ даласының ұлы перзенті әл-Фараби түрік, араб және парсы тілдерінде еңбектер жазып, соңына өшпес мол мұра қалдырды. Әлемдік ғылым мен мәдениет тарихында әл-Фараби есімі биік тұр. Оның еңбектері түркі және қазақ философиясының дамуына үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге Шығыс пен Батыс мәдениетінің жақындасуына көпір болды.

Республикалық әл-Фараби ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік орталығы 1993 жылы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің 1992 жылы 21 қазан № 407 Бұйрығы мен 1992 жылы 14 қазан Ғылыми Кеңес шешіміне сәйкес ашылды.

Орталықтың негізгі қызметі әл-Фараби және басқа да көрнекті қазақ ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін жан-жақты зерттеу және ол шығармаларды оқу үрдісі мен ғылыми зерттеулерде кеңінен қолдану тұрғысында жұмыстар жүргізу болып табылады.

әл-Фарабиөмірбаяны

Әлем ғалымдары Әл-Фараби жайлы



әл-Фараби жайлы жарияланымдар:

Алтаев Ж. ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАМАНЫ.pdf