Қайта өңдеу әдеттері ғаламдық деңгейде қалай әсер ете алады

2025 жылдың 3 маусымында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушылары Кәмила Душаева және Фариза Абдуллаева эдвайзерлік тобы студенттеріне Дүниежүзілік қошаған ортаны қорғау күніне орай «Қайта өңдеу әдеттері ғаламдық деңгейде қалай әсер ете алады» тақырыбы аясында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Қазіргі заманда экологиялық мәселелер күн тәртібінде тұрған аса маңызды тақырыптардың бірі. Әсіресе қалдықтарды қайта өңдеу мәдениетін қалыптастыру — жер шарының болашағы үшін шешуші фактор. Әлем бойынша жыл сайын миллиондаған тонна қалдықтар теңізге, орман-тоғайға, топыраққа түсіп, табиғатқа орасан зиян келтіруде. Бұл мәселеде әр адамның жеке әрекеті — үлкен өзгерістің бастауы бола алады.
Ашық тәрбие сағатында студенттерге қайта өңдеудің маңызы, пластик пен тұрмыстық қалдықтардың табиғатқа әсері жайлы деректер ұсынылды. Слайдтар мен постерлер арқылы қалдықтарды сұрыптау, қайталама пайдалану, zero waste принциптері таныстырылды. Іс-шарада экологиялық тақырыптағы шағын өлеңдер мен қанатты сөздер айтылып, студенттер өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. «Сұрақ-жауап» бөлімінде студенттер белсенділік танытып, өздерінің тұрмыста қолданатын экологиялық әдеттерімен бөлісті. Кейбірі су мен электр қуатын үнемдеу, басқалары қағаз, пластик, әйнек қалдықтарын қайта өңдеуге бағытталған бастамаларын ұсынды.
Бұл тәрбие сағаты студенттердің экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, оларды табиғатқа жанашырлықпен қарауға, саналы тұтынуға, жеке жауапкершілік алуға жетеледі. Шара соңында қатысушылар қайта өңдеу мәдениетін күнделікті өмірге енгізудің нақты жолдарын түсініп, өз үлестерін қосуға ниет білдірді.
Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушылары Кәмила Душаева және Фариза Абдуллаева.
Басқа жаңалықтар

