“Абай өлеңдерінің морфологиялық және поэтикалық белгіленімі"Farabi University

“Абай өлеңдерінің морфологиялық және поэтикалық белгіленімі"

9 маусым, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде “Абай өлеңдерінің морфологиялық және поэтикалық белгіленімі" БНҚ   (BR 21882334 ) атты  ғылыми жоба  филология ғылымдарының докторы, прфессор  Г.Б. Мадиеваның жетекшілігімен және  ғалымдар   ұжымымен жүзеге асырылып жатыр.  

Бұл жоба Абай тілін цифрлық тұрғыдан сипаттап, болашақта қазақ тілін машиналық өңдеуге, цифрлық лингвистика мен білім беру саласына кеңінен қолдануға негіз қалайды. Сонымен қатар, қазақ поэзиясын халықаралық ғылыми кеңістікке танытуға үлкен мүмкіндік береді.

 Жоба тіл мен әдебиеттің тоғысындағы заманауи бағыттарды біріктіре отырып, қазақ поэзиясының терең қабаттарын ашуға мүмкіндік береді. Абай тілінің құрылымын лингвистикалық және поэтикалық тұрғыдан жүйелеу — тек ғылыми ғана емес, мәдени әрі тарихи маңызы зор іс.

"Абай өлеңдерінің морфологиялық және поэтикалық белгіленімі" жобасы студенттерге қазақ тілінің теориялық және практикалық аспектілерін меңгеруге мүмкіндік береді. Олар Абай шығармалары арқылы морфологиялық талдауды және поэтикалық құрылымдарды (ұйқас, буын, ырғақ) ғылыми түрде меңгереді. Жоба сандық лингвистика мен табиғи тілді өңдеу технологияларын қолдану тәжірибесі бола алады, бұл студенттердің көпсалалы дағдыларын дамытады. Сонымен қатар, корпуспен жұмыс жүргізу аналитикалық және зерттеушілік қабілеттерді жетілдіреді. Жоба ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеп, әдебиет пен тілге деген құрметті арттыруға ықпал етеді.

 

А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, филол.ғ.к.   Л.Т. Алимтаева