Су қауіпсіздігі мен климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша халықаралық сарапшымен кездесуFarabi University

Су қауіпсіздігі мен климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша халықаралық сарапшымен кездесу

10 маусым, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде су қауіпсіздігі және климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы маман, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің (LSE) ғалымы профессор Уилл Инграммен метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылар құрамының кездесуі өтті.

Профессор Уилл Инграм физикалық ғылымдар саласында академиялық білімі бола тұра, соңғы жылдары ауылдық жерлерде тұрақты сумен қамтамасыз етуклиматтық әсерлерге ұшыраған қауымдастықтардың орнықтылығы, сондай-ақ табиғи су көздерімен мәдени байланыстар мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. Оның ғылыми-зерттеу жұмысы Африканың бірқатар елдерін қамтиды: Танзания, Гамбия, Кения, Малави, Буркина-Фасо, Замбия және Оңтүстік Африка Республикасы. Қазіргі уақытта ол Орталық Азия елдерімен ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытуда.

Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:

  • тау және құрғақ аймақтарда су ресурстарын басқару тәжірибесімен алмасу мүмкіндіктері;
  • таулы аймақтарда орналасқан бұлақ көздерін зерттеу және олардың жергілікті қауымдастықтардың тұрақтылығын арттырудағы маңыздылығы;
  • көшпелі және жартылай көшпелі қауымдастықтар үшін су көздерінің әлеуметтік-мәдени ықпалы;
  • 2026 жыл – Халықаралық жайылымдар мен малшылар жылы аясындағы бірлескен жобаларға қатысу.

Тараптар халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуғабірлескен зерттеулер жүргізуге және ауылдық аймақтардың климаттық өзгерістерге орнықтылығын арттыруға бағытталған жаңа жобалардыжүзеге асыруға өзара қызығушылық білдірді.

Бұл бастама ҚазҰУ-дың климаттық ғылымтұрақты табиғатты пайдалану және халықаралық тәжірибені білім беру мен зерттеу үдерісіне интеграциялау салаларындағы стратегиялық басымдықтарына толық сай келеді.