Жерге орналастыру және Кадастр БББ 1 курс студенттері далалық оқу тәжірибесінен өттіFarabi University

Жерге орналастыру және Кадастр БББ 1 курс студенттері далалық оқу тәжірибесінен өтті

13 маусым, 2025

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының «6B07303-Жерге орналастыру» және  «6B07304-Кадастр» білімі беру бағдарламаларының қазақ және орыс бөлімдерінің 1-курс студенттері 26.05.2025 – 07.06.2025 аралығында оқу жоспарына сәйкес кәсіби (оқу) тәжірибеден өтті.

Кәсіби (оқу) тәжірибе әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алаңында өтті.

Оқу (геодезиялық) дала іс-тәжірибе үш кезеңнен тұрады: дайындық, далалық және камералдық. Дайындық кезеңі барысында студенттер топографиялық түсірісті жүргізетін жергілікті жермен танысты. Топографиялық түсіріс жұмыстары кешенін жүргізуге арналған геодезиялық аспаптарды далалық жұмыстарға дайындады.

Дала кезеңінде студенттер бағдарлама бойынша біріншіден жергілікті жермен алдын ала танысу (рекогносцировкалық) жұмыстарын жүргізді. Дайындалған полигонның горизонталдық бұрыштарын теодолитпен өлшеді. Теодолиттік түсірістің далалық журналын толтырды. Алдын ала дайындалған нивелирлеу трассаларына техникалық нивелирлеу жұмыстарын жүргізді. Техникалық нивелирлеу далалық журналын толтырды.

Камералдық кезеңі жұмыстары оқу орнында, лабораториялық жағдайда өткізілді. Камералдық кезеңі барысында студенттер берілген жергілікті учаскенің планын жасау үшін қажетті материалдарды өңдеу жұмыстарын жүргізді. Планның масштабына сәйкес шартты белгілерін дайындады. Таңдалған масштаб бойынша планды және профиль жасап іс-тәжірибе есебін дайындады. Оқу іс-тәжірибенің есебін қорғады.

Кәсіби (оқу) іс-тәжірибе жетекшілері: т.ғ.к., профессор Джуламанов Т.Д., т.ғ.к., аға оқытушы Алимсеитова Ж.К., оқытушылар Есболған Б.Н., Баянбек Р.Б.