- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Тәжірибеден жобаға» V Халықаралық студенттер мен жас ғалымдар конференциясының материалдар жинағы жарық көрді
«Тәжірибеден жобаға» V Халықаралық студенттер мен жас ғалымдар конференциясының материалдар жинағы жарық көрді
                        19 маусым, 2025                    
                2025 жылғы 26 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Тәжірибеден жобаға» атты V Халықаралық конференциясы өтті. Конференция қорытындысы бойынша қатысушылардың баяндамаларын қамтитын ғылыми материалдар жинағы жарық көрді.
Конференция келесі секциялар бойынша өтті:
- 
	1-секция: Медицина саласындағы ғылыми жетістіктер 
- 
	2-секция: Жаратылыстану ғылымдары 
Сондай-ақ, конференция аясында Medical Students Startup Competition – 2025 атты байқау ұйымдастырылып, жас зерттеушілер медицина мен денсаулық сақтау саласындағы стартап-жобаларын таныстырды.
Конференцияға әртүрлі университеттер мен ғылыми мекемелердің студенттері, магистранттары, докторанттары және жас ғалымдары қатысты. Ұсынылған баяндамалар клиникалық медицина, биомедицина, химия, биология және экология салаларындағы өзекті зерттеулерді қамтыды.
 
         
                                 
                                