«География және табиғатты пайдалану» факультетінде университеттің академиялық мәселелер жөніндегі жаңа проректоры Алина Кулбаевна Галеевамен кездесу өттіFarabi University

«География және табиғатты пайдалану» факультетінде университеттің академиялық мәселелер жөніндегі жаңа проректоры Алина Кулбаевна Галеевамен кездесу өтті

19 маусым, 2025

18.06.25 күні «География және табиғатты пайдалану» факультетінің БАЗ 3 оқу аудиториясында сағ. 11:30 әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің басқарма мүшесі, академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Алина Кулбаевна Галеевамен кездесу өтті. Кездесу барысында факультет ұжымы проректорды жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, оның алдағы жұмысына табыс тіледі. Факультет ұжымы өз тарапынан оқу процесіндегі барлық мәселелерді бірге ақылдаса отырып, талқылады.

Жаңа проректор университеттің алдағы уақыттарда болатын академиялық жетістіктерге жету жолындағы жоспарларымен және университеттің даму стратегиясымен бөлісті. Ол білім сапасын арттыру, оқу бағдарламаларын жаңарту, студенттердің тәжірибесін арттыру және т.б. мәселелерді қозғады. Оқытушылар мен қызметкерлер өздерінің ұсыныстарын ортаға салып, университеттің одан әрі дамуына өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді. Кездесу соңында Алина Кулбаевна факультет ұжымына өз ризашылығын білдіріп, өзара түсіністік пен бірлескен жұмыстың маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл кездесу факультет пен университет әкімшілігінің тығыз байланыста жұмыс істеп, ортақ мақсаттарға жету үшін бірлесе әрекет етуге деген ұмтылысын тағы бір мәрте дәлелдеді.