- Басты бет
- Жаңалықтар
- Батыс Қазақстанда топырақтың ластану деңгейін бағалау мақсатындағы далалық зерттеулер жалғасуда
Батыс Қазақстанда топырақтың ластану деңгейін бағалау мақсатындағы далалық зерттеулер жалғасуда
2025 жылғы 28 мамыр мен 28 маусым аралығында BR21882122 мемлекеттік ғылыми бағдарламасы аясында «Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалар мен сценарийлер» атты жоба шеңберінде топырақ жамылғысының жағдайын бағалауға бағытталған далалық зерттеулер жүргізілуде.
Экспедициялық топ топырақ үлгілерін жинау, топырақ кескіндерін қазып, морфологиялық сипаттама беру, сондай-ақ ауыр металдар мен басқа да уытты қосылыстардың мөлшерін анықтау үшін зертханалық талдауға арналған сынамалар алу жұмыстарын кешенді түрде орындауда. Зерттеудің негізгі мақсаты — техногендік ластану деңгейін анықтау және өндірістік қызмет салдарынан топырақ деградациясының дәрежесін бағалау.
Қазіргі кезеңде зерттеу жұмыстары Батыс Қазақстан облысының табиғи-антропогендік әсерге ұшырау қаупі жоғары аумақтарында шоғырланған. Бұған дейін ұқсас зерттеулер Атырау және Маңғыстау облыстарында жүргізіліп, 88 топырақ үлгісі алынып, әртүрлі антропогендік өзгерістерді көрсететін топырақ кескіндері сипатталған болатын.
Өнеркәсіптік ластануға ұшыраған аймақтарға ерекше назар аударылуда. Алынған нәтижелер ауыр металдармен және уытты заттармен ластанған топырақтарды қалпына келтіру бойынша шараларды әзірлеуге ғылыми негіз болмақ.
Басқа жаңалықтар

