- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі" білім беру бағдарламасы CAAAE аккредитациясынан өтті
"Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі" білім беру бағдарламасы CAAAE аккредитациясынан өтті
Рекреациялық география және туризм кафедрасы «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» Білім беру бағдарламасының 11.04.2025 жылдан 10.04.2030 жылға дейінгі мерзімге Орталық Азия Білім Беруді Аккредиттеу Қауымдастығы (Central Asian Association for Accreditation of Education – CAAAE) тарапынан аккредитациядан сәтті өткенін хабарлайды.
Аталған аккредитация – білім беру сапасының жоғары деңгейде екенін және мамандарды даярлаудағы табысты нәтижелерді растайтын маңызды көрсеткіш. Бұл жетістік кафедра ұжымының білім мазмұнын жетілдіру, тәжірибеге бағытталған оқытуды дамыту және қонақжайлық индустриясымен байланыстарды нығайту жолындағы жүйелі жұмысының нәтижесі болып табылады.
CAAAE аккредитациясы — кафедраның жетістіктерін мойындаудың айқын дәлелі ғана емес, сонымен қатар білім алушылар мен серіктестер үшін «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» бағдарламасының халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кәсіби даярлықты қамтамасыз ететінінің кепілі.
Басқа жаңалықтар

