7М01503 – Химия (Ғылыми-педагогикалық бағыт): заманауи білім беру көшбасшыларын даярлайтын бағдарламаFarabi University

7М01503 – Химия (Ғылыми-педагогикалық бағыт): заманауи білім беру көшбасшыларын даярлайтын бағдарлама

25 маусым, 2025

7М01503 – Химия (Ғылыми-педагогикалық бағыт): заманауи білім беру көшбасшыларын даярлайтын бағдарлама

 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Химия және химиялық технология факультеті

 

Бағдарламаның маңызы мен өзектілігі

Бұл магистрлік бағдарлама химия және педагогика бағытындағы бакалавриат түлектеріне арналған. Оның басты мақсаты – педагог-зерттеушілердің жаңа буынын қалыптастыру. Бағдарлама теориялық және қолданбалы химияны, заманауи педагогиканы, оқыту әдістемесін, STEM-білім беруді және сандық технологияларды біріктіре отырып, кәсіби деңгейі жоғары мамандар даярлауға бағытталған.

Магистратураға қабылданушылар саны жыл сайын артып келеді:

- 2022 ж. – 22 магистрант

- 2023 ж. – 42 магистрант

- 2024 ж. – 57 магистрант оқуын аяқтап жатыр
Бұл – бағдарламаның сапасына деген сенім мен сұраныстың айқын көрсеткіші.

Жұмысқа орналасу және кәсіби табыс

Бағдарлама іске қосылғаннан бері түлектердің 100% жұмысқа орналасқаны – оның жоғары тиімділігінің дәлелі.

Түлектеріміз бүгінде еліміздің барлық өңірінде табысты еңбек етіп келеді.

Олар:

• Назарбаев Зияткерлік мектептерінде

• Республикалық физика-математика мектептерінде

• «Білім-инновация» лицейлерінде

• Мамандандырылған гимназиялар мен жалпы білім беретін мектептерде

• Колледждер мен жоғары оқу орындарында

өз үлестерін қосып, білім беру жүйесінің дамуына серпін беріп отыр. 

Жұмыс берушілердің бағасы

Жұмыс берушілер біздің түлектерімізге ерекше сеніммен қарайды.
Мектеп директорлары мен білім беру ұйымдарының басшыларының айтуынша, осы бағдарламаның магистранттары:

• терең теориялық білімге ие;

• заманауи оқыту әдістемелерін жетік меңгерген;

• цифрлық құралдарды еркін пайдалана алады;

• қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

🔹 Олар – кәсіби міндеттерді өз бетімен шеше алатын, икемді, креативті ойлайтын және нәтижеге бағытталған заманауи педагогтер ретінде ерекшеленеді.

«Біздің мектебімізде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
Химия және химиялық технология факультетінің 7М01503 – Химия (ғылыми-педагогикалық бағыт) білім беру магистрлік бағдарламасының түлектері табысты еңбек етуде.

Бұл – жаңа формациядағы педагогтер, білім мен тәрбие сапасына нақты үлес қосып жүрген білікті мамандар.

Олардың жетістігі – ҚазҰУ оқытушыларының кәсіби шеберлігі мен университеттегі сапалы даярлықтың нақты жемісі.Университет қабырғасында алған іргелі білім мен ғылыми негіз олардың әрбір кәсіби әрекетінен, әр сабағынан анық байқалып тұрады.
Осындай құзыретті, шабыттандыратын ұстаздардың ұжымымызда болуы – біз үшін үлкен мәртебе!
» — мектеп директорының пікірінен

🔹 Мұндай кәсіби қасиеттер түлектердің бәсекеге қабілеттілігін едәуір арттырып, еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болуына ықпал етеді.

Мысал:
Бағдарлама түлектерінің бірі – Сләмжанова Айжан Жеңісқызы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерімен қатар, түрік тілін де еркін меңгерген. Бұл оған халықаралық ғылыми тағылымдамаларға қатысуға мүмкіндік берді.

Түлектеріміз – еліміздің білім беру кеңістігінде

Бағдарлама түлектері бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде сұранысқа ие мамандарға айналды. Солардың кейбірі:

- Сләмжанова Айжан Жеңісқызы – Алматы, №50 мектеп

- Баатарбек Нұрсәуле – Алматы, №179 мектеп

- Қарамырзаев Ғалымжан Алпамысұлы – Ақтау, JOO High School Aktau, мектеп директоры

- Даулетбаков Ануар, Досаханова Нұрбибі – Алматы, НЗМ (физика-математика бағыты)

- Файзуллаев Сайдулла, Ауелхан Арай – НЗМ (химия-биология бағыты)

- Орынбасарова Дильназ – Алматы, №201 мектеп-гимназия

- Төлетаев Қуаныш – Алматы, «Пифагор» мектебі

Олардың барлығы – өз саласында жетістікке жеткен, шәкірттері республикалық және халықаралық олимпиадалар жеңімпаздары атанған, ғылыми мақалалар жариялап, кәсіби тұрғыдан қалыптасқан тұлғалар.

7М01503 – Химия (Ғылыми-педагогикалық бағыт) – бұл жай ғана педагог емес:

🔹 зерттеуші

🔹 тәжірибелі әдіскер

🔹 цифрлық технологияларды меңгерген маман

🔹 көптілді, заманауи ұстаз даярлайтын бағдарлама.

Біздің түлектер – ел ертеңін тәрбиелеуші ғана емес,
білім беру жүйесін жаңғыртушы, жауапкершілігі жоғары, кәсіби көшбасшылар.