Қазақстан және Түркі тілдес елдер ынтымақтастығыFarabi University

Қазақстан және Түркі тілдес елдер ынтымақтастығы

30 маусым, 2025

     

Түркі мемлекеттері ұйымының 2023 жылы 3 қарашада өткен Х Саммитінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанның Ұйымға төрағалығы «Түркідәуірі!», яғни «TURKTIME!» ұранымен өтетінін мәлімдеді. Президент «Түркі бірлігін дәріптеудің маңызы зор. Өйткені біздің тарихымыз, мәдениетіміз, тіліміз және діліміз – ортақ» деп атап  көрсеткен еді. Сонымен қатар, 2023 жылы қазан айында  өткен Түркі мемлекеттері ұйымыны кіретін елдеріндегі туризм мәселелеріне жауапты министрлердің VIII отырысында «Түркістан – Түркі мемлекеттерінің 2024 жылғы туристік астанасы» атағына ие болды. Осыған орай,  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Географиядан Республикалық атаулы мектеп және География және су қауіпсіздігі институты бірлесе отырып, Түркі әлемінің бірінші халықаралық  география конгресін 2024 жылдың 19–20 сәуір күндері аралығында Түркістан қаласында  өткізілді.

   Келесі 2025 жылы халықаралық аренада белсенді рөл атқару және маңызды сын-тегеуріндерге жауап беру мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Географиядан Республикалық атаулы мектеп, ҚР «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ және Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті, Османғазы университеті (Түркия, Ескішехер) ТМҰ-ның XI саммитінде қабылданған декларацияны негізге ала отырып, 2025 жылғы 28-29 сәуір күндері Алматы қаласында  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында Түркі әлемінің  II Халықаралық  география конгресін өткізді.

https://farabi.university/storage/files/3835253375686611f7e957f954257512_image.png

Лефкоша қаласы Президент сарайы алдында, ортада Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Президенті Ерсин Татар мырза.

2025 жылдың мамыр айының соңында Қазақстанда  бастау алған Түркітілдес елдердің  ынтымақтастығын дамытуға арналған «Білім, Мәдениет және кәсіпкерлік» тақырыбында  Түркітілдес елдердің  ғалым, білім беру саласы мен іскер әйелдердің жәнеТүркі әлемі әйелдерінің Парламентарийлерінің Бірінші саммиті  Солтүстік Кипр Түрік Республикасының астанасы Лефкоша  қаласында  болды. (СКТР) Ассамблеясының Баспасөз, Сыртқы байланыстар  және Протокол бөлімінің  басшысы Милхан Лакадамьялы қолқойған шақырту хаты педагогика ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық Университетінің «География, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының профессоры, «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері», Географиядан Республикалық атаулы мектеп  жетекшісі Ұлжалғас Әмзеқызы Есназароваға  келген болатын.

    Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) Ассамблеясының Төрағасы, доктор Зия Өзтүріклер өз сөзінде   ұйымдастырған  бұл Халықаралық жиынға  барлық түркітілдес елдерден  білім беру, мәдениет, саясат және бизнес пен айланысып  жүрген  іскер әйелдер қатысты. Зия Өзтүріклер  мырза бұл кездесудің  күнделікті тұрмыста және  қоғамдағы әйелдердің алатын орны туралы маңызды мәселелрге тоқталды. Фазилет Өзденефе, Ресмийе Эроғлу  Джаналтай  Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Түркітілдес елдер  қатарына 2022 жылы  бақылаушы  болып  қабылдануына ризашылығын  білдірді, Түркия  Республикасы Білім министрінің орынбасары Джелиле Эрен ханым Түркияның  білім саласындағы ұстанымдары мен саясаты туралы жан-жақты  баяндады. Ал,  Тамам Жафарова  (Әзірбайжан), депутат  Зейнеп ЙылдызТүркияРеспубликасындағы  саясаттағы  және тарихтағы әйелдердің орны мен атқаратын  рөлі туралы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Аманкелдіқызы өзі басқарып отырған  университетінің  қазіргі заман талабына сай атқарып  жатқан миссиясына тоқталып,  түркітілдес 17 елдер мен мемлекеттерден  келген  мыңнан аса  студенттерге түркітілдес  халықтардың ортақ құндылықтары туралы  білім  беріп  жатқанына  тоқталды.  Мехмет Сүреййя ЭР, Фижан Жилта (Косово), гагауыз  қызы Иванна Көксал (Молдова), Дулобо қаласының әкімі Невхис Мұстафа (Болгария), қырғыз-өзбек университетінің проректоры Аида Тұрдыхан (Ош қаласы, Қырғызстан), өз елдеріндегі  әйелдердің  білім беру, мәдениет пен қоғамның барлық саласындағы  атқарып жатқан игі істеріне, қырғыз халқының  ұлттық  қолөнерін  дәріптеумен  айналысатына  шолу жасады. Иванна Көксал өзі құрастырған Түрік-гагауыз сөздігінің маңызы туралы айтты. Мен  болсам Қазақстан Республикасының білім саласында еңбек етіп  жүрген ғалым ретінде  осыдан 25 жыл  бұрын  Анкара қаласында  орналасқан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жәрдем қоры баспасынан  қазақша шыққан «Түркі тілдес елдер географиясы»  оқулығым туралы,  «Түркі тілдес елдер географиясы оқулығы: мазмұны, маңызы, келешегі» тақырыбында  баяндама жасадым. Оқулықтың қазақ, орыс, қырғыз, өзбек, түріктілдеріне  аударылып, Түркістан  қаласындағы №28 қазақ мектебінде  «Түркі тілдес елдер географиясы» кабинетінің  ашылуына  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің  көрсеткен  көмегі  туралы айттым.

https://farabi.university/storage/files/2466003799686613e967f68714691608_image.png

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Президенті Ерсин Татар қабылдауында. Президент сарайы, Лефкоша -2025ж.

     Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеи (ТЮРКПА) Түркі Әлемі әйел Парламентарийлерінің Бірінші Саммитине қатысқан делегаттарды Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Президенті Ерсин Татар мен елдің Сыртқы істер Министрі Тахсин Ертугрулоғлы мырзалар қабылдады. «Түркі тілдес елдер географиясы» оқулығын сыйлап тұрып, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы туралы жазылған мәтінді  көрсеткенде, Президент Ерсин Татар  мырза «Менің елім туралы Түркітілдес елдер географиясы кітабына жазғаныңызды білемін, Сізге Зор Рахмет» -деді.
  Солтүстік Кипр Түрік  Республикасы (СКТР) АссамблеясыныңТөрағасы, доктор Зия Озтүріклер келген қонақтарға кешкі қонақасын берді. Қызыл барқыт қораптағы алтын түстес сәндік тәрелке түрінде естелік кәдесый сыйлады. Бұл ресми салтанаттарда немесе іс-шараларда құрмет көрсету және алғыс білдіру мақсатында сыйлық тапсырудың жиі кездесетін түрі.
https://farabi.university/storage/files/2281685548686613d105463563574305_image.png

https://farabi.university/storage/files/2663369135686612433de23192400218_image.png

Профессор Ұ.Ә.Есназарова