- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Сіздерді «Су ресурстарын талдау, бағалау және болжаудың заманауи әдістері мен технологиялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Сіздерді «Су ресурстарын талдау, бағалау және болжаудың заманауи әдістері мен технологиялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.
Құрметті әріптестер!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Сіздерді 2025 жылдың 9-10 қазан күндері өтетін география ғылымдарының докторы, профессор С.К. Давлетгалиевтің 90 жылдығына арналған «Су ресурстарын талдау, бағалау және болжаудың заманауи әдістері мен технологиялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.
Конференцияға қатысу үшін 2025 жылдың 10 тамызына дейін сілтемемен тіркелу: https://clck.ru/3MkEhe
(немесе QR-коды) арқылы электронды тіркеуден өту қажет.
Конференция бағдарламасы және өзге де ұйымдастырушылық мәселелер туралы толық ақпарат келесі сілтеме бойынша қолжетімді:https://clck.ru/3Mvti2
Конференцияға қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс тұлғаларға хабарласуға болады:
e-mail: hydro.science2025@gmail.com
Тел.: +7 747 696 0331 Айнур Мусина
+77013708051 Жанара Жанабаева
Сіздің қатысуыңыз бен пікірлеріңіз конференцияның сәтті өтуіне үлкен үлес қосады. Біз Сіздерді конференция қатысушылары қатарынан көруге қуаныштымыз.
Құрметпен,
Конференция ұйымдастыру комитеті