- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың резидентура білім беру бағдарламалары халықаралық аккредитациядан сәтті өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың резидентура білім беру бағдарламалары халықаралық аккредитациядан сәтті өтті.

«Білім беру мен денсаулық сақтаудың сапасын қамтамасыз ету және аккредитациялау жөніндегі Еуразиялық орталық» ҮИМБ-ң 6B10114 – Медицина және 6B10113 – Стоматология екі білім беру бағдарламасы бойынша және резидентураның 22 бағдарламасы бойынша аккредитация жүргізді:
− 7R01115 - Радиология
− 7R01104 - Жалпы хирургия
− 7R01106 - Урология және андрология (ересектер, балалар)
− 7R01105 - Неврология (ересектер, балалар)
− 7R01109 - Акушерство және гинекология (ересектер, балалар)
− 7R01113 - Жұқпалы аурулар (ересектер, балалар)
− 7R01102 - Дерматовенерология (ересектер, балалар)
− 7R01107 - Нефрология (ересектер, балалар)
− 7R01103 - Оториноларингология (ересектер, балалар)
− 7R01110 - Кардиология (ересектер, балалар)
− 7R01123 - Кардиохирургия (ересектер, балалар)
− 7R01119 - Пульмонология (ересектер, балалар)
− 7R01127 - Гастроэнтерология (ересектер, балалар)
− 7R01108 - Ревматология (ересектер, балалар)
− 7R01101 - Аллергология және иммунология (ересектер, балалар)
− 7R01121 - Онкология (ересектер)
− 7R01111 - Химиотерапиялық онкология
− 7R01112 - Ядеролық медицина
− 7R01125 - Эндокринология (ересектер, балалар)
− 7R01124 - Психиатрия (ересектер, балалар)
− 7R01126 - Физикалық медицина және оңалту (ересектер, балалар)
− 7R01122 - Офтальмология (ересектер, балалар)
Әрбір бағдарлама халықаралық стандарттарға сәйкес деп танылып, аккредитация мерзімі – 5 жылды құрайды.
Бұл жай ғана сапа бағасы емес, бұл – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің түлектері жаһандық деңгейде дәрігерлік практикаға дайын екендігінің дәлелі.
Сыртқы сараптамалық комиссияның есептері мен Аккредитациялық кеңестің шешімдері сапа бойынша халықаралық тізілімдерде: EQAR-DEQAR, Азия-Тынық мұхиты білім сапасы тізілімінде (APQR-DAQAR), сондай-ақ ЕЦА сайтының «Тізілім» бөлігінде жарияланған: https://www.ecaqa.org/reestr
ҚазҰУ-дың жоғарыда аталған білім беру бағдарламаларына қатысты аккредитация туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ЕПВО тізілімінде орналастырылған: https://epvo.kz
6B10114 – Медицина білім беру бағдарламасы туралы мәліметтер WFME порталына енгізілген, өйткені ЕЦА – Медициналық білім берудің дүниежүзілік федерациясы (WFME) мойындаған аккредитациялық орган болып табылады.
Басқа жаңалықтар

