ESG қағидаттарын академиялық және корпоративтік ортада ілгерілету: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Алтын банк» АҚ-ның өзара іс-қимыл тәжірибесіFarabi University

ESG қағидаттарын академиялық және корпоративтік ортада ілгерілету: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Алтын банк» АҚ-ның өзара іс-қимыл тәжірибесі

11 шілде, 2025

АР19678012 ГҚ жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Орнықты дамудың үштұғырлы тұжырымдамасы (ESG): өңірлердің теңгерімді дамыту контекстіндегі бизнестің мүдделері» жобасы шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Менеджмент» кафедрасының профессоры Адамбекова Айнагүл Амангелдіқызы “Altyn Bank” АҚ жүзеге асырып жатқан “ESG туралы” жобасының бір шығарылымына спикер ретінде шақырылды.

“Altyn Bank” АҚ жобасы – бизнестің тұрақты дамуы және корпоративтік басқаруда ESG қағидаттарын насихаттау бойынша өзекті мәселелерді қамтитын YouTube арнасындағы панельдік сұхбаттар сериясы ретінде жүзеге асырылуда. Бағдарламаға қатысушылар ретінде ESG менеджменті саласындағы бас сарапшылар шақырылады, олармен барлық мүдделі тараптардың пікірлерін ескере отырып, ұзақ мерзімді тұрақты бизнесті дамытудың тиімді шешімдері талқыланады.

Сұхбат барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) жүзеге асырудағы тәсілдері, соның ішінде ESG қағидаттарын университеттің білім беру, ғылыми және басқарушылық практикасына енгізу мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, ESG мәдениетін қалыптастыру мен ілгерілетудегі университеттердің рөліне, сондай-ақ олардың қоғам мен экономикадағы орнықты өзгерістердің қозғаушысы ретіндегі әлеуетіне ерекше назар аударылды.