- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының магистранттарына диплом табыстау рәсімі өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының магистранттарына диплом табыстау рәсімі өтті
2025 жылғы 10 шілдеде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультесінде Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында «7M11201 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі», «7M05211 – Экология», «7M05209 – Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару» білім беру бағдарламалары бойынша білім алған магистранттарға арналған диплом табыстау салтанатты рәсімі өтті.
Іс-шараға университеттің Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Галеева Алина Кулбаевна қатысып, бітіруші магистранттарға арнап құттықтау сөз сөйлеп, олардың білім жолындағы жетістіктерін ерекше атап өтті.
Салтанатты рәсім барысында География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы, география ғылымдарының кандидаты, доцент Ақтымбаева Алия Сағындыковна, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Есимова Жулдыз Дапеновна екі жылдық ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша білім алған магистранттарға салтанатты түрде дипломдарын табыстады.
Бұл рәсім магистранттар мен олардың ата-аналары үшін естен кетпес қуанышты сәтке айналды. Салтанатты жиын барысында түлектерге кәсіби қызметтерінде табыс, ғылым жолында жаңа белестер мен шығармашылық шабыт тіленді.
Басқа жаңалықтар

