Саясаттану мамандығының түлектеріне дипломдар табыстау

2025 жылдың 4 шілдесінде Фараби хабында Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының 2025 жылғы түлектеріне дипломдарды тапсыру рәсімі өтті. Марапаттау рәсімі философия және саясаттану факультетінің деканы Бекжан Берікбаев Мейрбаевтың құттықтауымен басталды.
Түлектерге дипломдарды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің белгілі профессорлары: Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының президенті, саясаттану ғылымдарының докторы, саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының профессоры Алияров Есенжол Каниевич, оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, деканының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Өмірбекова Алия Өмірбекқызы, Философия ғылымдарының докторы, саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының профессоры Әбдіғалиева Гүлжан Қанайқызы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Зайниева Лилия Юсупова, саясаттану ғылымдарының докторы Мұсатаев Сейілбек Шаяхметұлы, Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының доценті Саитова Нина Алексеевна.
Тұсаукесер барысында түлектердің ата-аналары атынан Селеубаева Айнагүл Бөлекбайқызы жүрекжарды лебіздерін білдірсе, түлектер атынан Тұржан Айгерім мен Каримов Дамир сөз сөйлеп, кафедра оқытушыларына алғысын білдірді.
Басқа жаңалықтар
