Қос дипломды бағдарлама аясында магистранттар диссертацияларын сәтті қорғадыFarabi University

Қос дипломды бағдарлама аясында магистранттар диссертацияларын сәтті қорғады

3 шілде, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының «7М07101 – Мұнайхимия» білім беру бағдарламасы бойынша 2 курс магистранттары — Серікқызы Ақерке, Әзімбай Абзал, Серік Талғар, Тлеубердинова Аружан, Забара Назар — Еуропаның жетекші университеттерінің бірі — Франциядағы Клод Бернар Лион 1 университетінде (Université Claude Bernard Lyon 1) қос дипломды халықаралық бағдарлама аясында магистрлік диссертацияларын сәтті қорғады.

Магистранттардың оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстары шетелдік ғылыми жетекшілермен тығыз ынтымақтастықта жүргізілді. Бұл өз кезегінде мұнайхимиясы саласындағы кәсіби білімді тереңдетуге ғана емес, сонымен қатар халықаралық академиялық ортада ғылыми зерттеу жүргізудің құнды тәжірибесін алуға мүмкіндік берді. Диссертация тақырыптары қазіргі заманғы мұнайхимия мен катализдің өзекті мәселелеріне арналды және ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығымен ерекшеленді.

Француздық ғылыми жетекшілері магистранттарымыздың дайындық деңгейін жоғары бағалап, олардың мақсаткерлігі, табандылығы, еңбекқорлығы және бастаған істі жоғары деңгейде аяқтай білу қабілеттерін ерекше атап өтті.

Оқу нәтижесінде түлектер екі дипломға ие болады — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистр дипломы және Клод Бернар Лион 1 университетінің дипломы. Бұл оларға Қазақстанда және шетелде кең кәсіби мүмкіндіктер ашылатыны сөзсіз.

Магистранттарды сәтті қорғауымен және болашақта ғылыми және кәсіби қызметтерінде сәттілік серік болсын!

 

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының меңгерушісі Аубакиров Е. А.