🌿 Қазақстан биоалуантүрлілікті қорғау шараларын күшейтуде!Farabi University

🌿 Қазақстан биоалуантүрлілікті қорғау шараларын күшейтуде!

22 шілде, 2025

2025 жылғы 22–23 шілде аралығында SPACES халықаралық жобасы аясында WP2 Жұмыс тобының бесінші онлайн-кездесуі өтті. Жоба атауы – «Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін кеңейту үшін институционалдық және құқықтық жағдайларды қалыптастыру арқылы елдің биоалуантүрлілік жөніндегі ұлттық мақсаттарына қол жеткізуіне қолдау көрсету».

📍Іс-шараны БҰҰ Даму Бағдарламасы (ПРООН) және БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының Дүниежүзілік табиғатты қорғау мониторингі орталығы (ЮНЕП-ВЦМОП) ұйымдастырды. Кездесу ZOOM платформасында өтті.

👥 Жиынға мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың өкілдері, ғылыми қауымдастық мүшелері, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен «Геоэкология және табиғатты тиімді пайдалану», «Экология» білім беру бағдарламаларының докторанттары қатысты.

🎯 Кездесудің негізгі мақсаттары:

Кеңістіктік басымдық беру құралының жұмысымен танысу;

Қолданылған деректер жиынтығының сапасы мен өзектілігін сараптау;

ЕҚТА-ты кеңейтуге бағытталған Қазақстан бойынша іс-қимыл картасын бірлесіп әзірлеу;

Құралдың тәжірибелік қолдану мүмкіндіктерін талқылау.

🧭 1-сессия – «Кеңістіктік басымдық беру құралы» сессияны Талғат Тәукенов (ПРООН) ашып, кездесудің мақсаты мен логистикасын таныстырды.

Одан кейін Оскар Вентер (ПРООН) веб-құралды таныстырып, кеңістіктік талдау негізінде мүмкіндіктер картасын құру, әртүрлі қабаттарға (биоалуантүрлілік, климат, әл-ауқат) берілетін салмақтардың өзгеруі қорытынды картаның қалыптасуына қалай әсер ететінін көру мүмкіндіктерін көрсетті. Бұл әдіс ғылыми және әлеуметтік-экономикалық аспектілерді табиғатты қорғау шешімдеріне біріктіруге мүмкіндік берді.

⚖️ 2-сессия – «Деректер қабаттарын сараптау және салмақ беру» сессия барысында Станислав Верг пен Талғат Тәукенов (ПРООН) биоалуантүрлілік, климаттың өзгеруі және адам әл-ауқатына қатысты негізгі деректерді соның ішінде биоалуантүрлілік (түрлер ареалдары, ерекше экожүйелер), климаттың өзгеруі (тәуекелдер мен осал аймақтар), адам әл-ауқатын (ресурстарға тәуелділік, әлеуметтік жағдай) талқылады.

Қатысушылар қабаттардың маңыздылығын талқылап, белсенді қатысты. Бұл табиғи және әлеуметтік басымдықтар арасында теңгерім жасауға мүмкіндік берді.

🔚 Кездесу сұрақ-жауап сессиясымен аяқталды, онда Қазақстан жағдайына бейімдеу бойынша құнды ұсыныстар айтылды.