Ислам зерттеулері бойынша озық ел – Малайзиядағы тағылымдамадан алған тәжірибе

Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан Малайзия ислам зерттеулерінде ілгері шыққан ел ретінде белгілі. 2025 жылы 10 шілде мен 9 тамыз арасында «8D02204-Исламтану» 1-курс докторанты Елеусызбаева Н.М. Куала-Лумпур қаласындағы Малайя университетінің Ислам зерттеулері академиясында шетелдік тағылымдамадан өтті.
Малайзия 1957 жылы тәуелсіздігін алғалы бері ислам ғылымының әр саласы бойынша актуал мәселелерді қамтитын зерттеулер жасалып келеді, соның ішінде ғылым салаларының исламдану тақырыбында теория мен нақты жоспарларды қамтитын еңбектер қарастырылды.
Тағылымдама Қазақстан діни оқу-әдістемелік базасына қатысты диссертация бойынша кешенді ғылыми-зерттеу жүргізу мақсатында орын алды. Бұл мақсатта нәтижеге жету үшін академия мен университет кітапханасымен қоса, Халықаралық Малайзия ислам университеті (IIUM), Халықаралық ислам ойы мен өркениеті (ISTAC) кітапханаларынан жоспарланған мақала мен диссертация жұмысына қатысты материалдар қарастырылды. Шетелдік кеңесші Ислам тарихы, өркениеті және білімі кафедрасының қауымд.профессоры, PhD Айзан Али Мат Зин ханыммен зерттеу жұмысы мен жоспарын талқыладық. Малайя университетіне шақырылған ф.ғ.д., проф. Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызының септігімен академияның профессор-оқытушыларымен таныстық, докторант-магистранттарға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таныстырып, ортақ зерттеулер үшін байланыс құрдық.
Сапар кезінде тек Малайя университетінде ұйымдастырылған шаралармен шектелмей, ISTAC-IIUM базасындағы дәрістер топтамасына қатыстық. Ислам зерттеулері академиясындағы 8 шілде өткен «Қазақстандағы хадис ілімінің тарихы мен дамуы» семинарын ұйымдастыруға атсалыстық.
Нәтижесінде алға қойылған міндеттерді орындадық, тағылымдама барысында көрген Малайзияның ғылыми-мәдени орталықтары көкжиегіміздің кеңеюіне, ғылыми серіктестіктің нығаюына, болашақта сапалы зерттеулер жүргізуге әсерін тигізді.
Басқа жаңалықтар
