Малайзия кітапхана қорларынан қазақ жері ғалымдарының еңбектері зерттелдіFarabi University

Малайзия кітапхана қорларынан қазақ жері ғалымдарының еңбектері зерттелді

9 тамыз, 2025

 

2025 жылы 26 шілде мен 9 тамыз арасында AP22686474 «Қазақ даласы ойшылдарының әлем мұрағаттарындағы арабтілді дереккөздер антологиясы» ғылыми жобасы аясында жоба жетекшісі Жамашев Азамат Шутбаевич Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан Малайзияның Куала-Лумпур қаласына ғылыми іссапарға шығып, қолжазба қорлары бар кітапханаларда зерттеу жасадық, маңызды мәдени орталықтарды аралап, білікті мамандармен, зерттеушілермен пікір алыстық.

Іссапар мақсаты – Малайзияның ғылыми кітапханалары мен мұрағаттарынан қазақ ғалымдарының ислам өркениеті мен мәдениетіне сіңірген еңбегін егжей-тегжейлі зерттеу, семинарларға қатысу, антология құрамына енетін материалдар дайындалуда.

Халықаралық ислам ойы мен өркениеті институты (ISTAC), Малайзия халықаралық ислам университеті (IIUM), институттағы Сәйид Мұхаммед Нақиб әл-Аттас кітапханасы бірігіп 2012 жылы бірізді онлайн дерекқорын жасап бастаған. 2017 жылы 8216 қолжазба нұсқасы тіркелген. Сәйид Мұхаммед Нақиб әл-Аттас кітапханасында қолжазбалар барлығы 20000 томды қамтиды. Кітапханаға зерттеу барысында каталогтарды толық қарастырдық. Фараби, Кәрдари, Зәрнужи деген ғалымдардың қолжазбалары бойынша мәліметтерді жинақтап алдық. Халықаралық ислам ойы мен өркениеті институты кітапханасының мамандарымен сұхбат құрдық, сақталған жәдігерлерді шолдық, болашақта бірге жұмыс жасауға келістім жасастық.

Жоба бойынша кеңесші ф.ғ.д., проф. Курманалиева Айнура Дурбелиновнаның ықпалымен Малайя университеті Ислам зерттеулері академиясының (APIUM) деканы мен кафедралар тарапынан құрылған ғылыми журналдардың редакторлары, Ислам тарихы, өркениеті және білімі кафедрасының профессор-оқытуышаларымен таныстық, сұхбат құрдық, бірге жұмыс жасау жайында сөз қозғадық.

Іссапардың соңына қарай Құран мен хадис кафедрасы шақырып, «Қазақстандағы хадис ғылымының тарихы мен дамуы» тақырыбындағы семинарда дәріс оқыдым. Жоба қамтылған қазақ жерінен шыққан ғалымдарды, соның ішінде мухаддистердің ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі жайлы сөз қозғадым, кафедраның профессорлар-оқытушыларымен аталған тақырыпты талқыладық, пікір таластырдық.

Қорытындылай айтқанда, іссапардың тың жаңалығы Малайзиядағы қазақ жерінен шыққан ғалымдардың сақталған мұрасына анализ жасалатынымен байланысты. Кітапханалардың ішінде Халықаралық ислам ойы мен өркениеті институты қорынан бірнеше Фараби, Кәрдари, Зәрнужилердің шығармаларының қолжазбаларын қарастырдық, ал заманауи жарияланған зерттеу жұмыстары барлық үлкен кітапханаларда кездеседі.