- Басты бет
- Жаңалықтар
- География және табиғатты пайдалану факультетінде климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша ғылыми кеңес өтті
География және табиғатты пайдалану факультетінде климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша ғылыми кеңес өтті
2025 жылғы 27 тамыз күні География және табиғатты пайдалану факультетінде Blue Peace Орталық Азия бастамасының қолдауымен климаттың өзгеруі жағдайында су секторын басқаруға бейімделу бойынша ғылыми-консультациялық кездесу өтті.
Іс-шараны Халықаралық су ресурстарын басқару институты (IWMI) ҚазҰУ-мен бірлесіп ұйымдастырды. Кеңестің мақсаты – қазақстандық ғалымдардың пікірлерін жинақтап, зерттеу олқылықтарын анықтау және аймақтық деңгейдегі талдамалық өнімдерге Қазақстанның ғылыми қауымдастығының үлесін арттыру.
Кездесуде су тапшылығы, мұздықтардың жедел еруі және суға деген бәсекелестіктің күшеюі жағдайында бейімделу шаралары талқыланды. Сондай-ақ, су және климат саласындағы тәжірибе алмасу үшін CoP-WCCA (Water and Climate Change Adaptation Community of Practice) қауымдастығына ғалымдарды тарту мәселесі көтерілді.
Кеңеске гидрология, климатология, гляциология, су экологиясы және гидрогеология салаларындағы ғалымдар қатысты. Сонымен қатар CAREC, GIZ және ЮНЕСКО аймақтық офисінің өкілдері де пікір білдірді.
Нәтижесінде зерттеу басымдықтарының ұлттық кестесі жасақталды, ол Қазақстанның РЭС-2026 аймақтық саммитіне дайындықтағы ресми үлесі болады.