2025 жылғы 1 қыркүйекте Рекреациялық география және туризм кафедрасында 1-курс студенттеріне арналған ориентациялық апта аясында кампус пен оқу корпусы бойынша таныстыру экскурсиясы өттіFarabi University

2025 жылғы 1 қыркүйекте Рекреациялық география және туризм кафедрасында 1-курс студенттеріне арналған ориентациялық апта аясында кампус пен оқу корпусы бойынша таныстыру экскурсиясы өтті

2 қыркүйек, 2025

Алғашқы оқу күнінде кафедрамыздың 1 курс студенттері университет инфрақұрылымымен, оқу аудиторияларымен, кітапхана, компьютерлік сыныптар және ғылыми-зерттеу орталықтармен танысты. Сондай-ақ, кафедра қызметі, ғылыми-білім беру бағыттары және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді.

Экскурсия студенттердің жаңа академиялық ортаға бейімделуіне және достық атмосфера орнатуға ықпал ететіндігі сөзсіз. Мұндай іс-шаралар оқу процесінің сәтті басталуына және ұйымшыл студенттік ұжым қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.