Жаңа толқын – білім айдынындаFarabi University

Жаңа толқын – білім айдынында

2 қыркүйек, 2025

Бүгін – біздің факультет үшін аса маңызды әрі қуанышты күн!
Университет табалдырығын жаңа аттаған бірінші курс студенттерін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Бұл – жас талапкерлердің үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамы ғана емес, болашаққа бастар жарқын жолының бастауы.

Салтанатты шарада Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Алина Кульбаевна құттықтау сөз сөйлеп, ең жоғары нәтиже көрсетіп, үздік баллмен оқуға түскен студентке өз атынан арнайы сыйлығын табыстады.

Факультет деканы Алия Сағындықовна мен кафедра меңгерушісі Айгүл Абдугаппаровна да ізгі тілектерін білдіріп, жаңа студенттерге сенім артып, олардың жарқын болашағына үлкен үмітпен қарайтындарын жеткізді.

Шара барысында факультет тарихы мен жетістіктері таныстырылып, жастар білім ордасының тамыры тереңде жатқан рухани құндылықтарымен танысты. Олар өткен мен бүгіннің арасындағы тығыз байланыс пен сабақтастықты сезінді. 

Бұл – тек бастамасы! Алда білім мен ізденіске толы жаңа белестер, үлкен мүмкіндіктер мен жарқын жеңістер күтіп тұр!