- Басты бет
- Жаңалықтар
- Метеорология және гидрология кафедрасының қауысдастырылған профессоры А.К. Мусина бірінші курс студенттеріне Су туралы ғылым атты көшбасшылық дәріс оқыды
Метеорология және гидрология кафедрасының қауысдастырылған профессоры А.К. Мусина бірінші курс студенттеріне Су туралы ғылым атты көшбасшылық дәріс оқыды
1 қыркүйек, 2025
2025 жылғы 2 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Үлкен мәжіліс залында бірінші курс студенттерімен кездесу аясында метеорология және гидрология кафедрасының қауымдастырылған профессоры А.К. Мусина «Су туралы ғылым» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды.
Дәріс барысында А.К. Мусина гидрологиялық білімнің елдің экономикалық дамуы үшін маңыздылығын атап өтті, су ғылымының табиғатты ұтымды пайдалану мен климаттың өзгеруі жағдайында тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлін ерекше белгіледі. Бірінші курс студенттері үшін бұл дәріс іргелі ғылымдарды қазіргі қоғам мен экономиканың міндеттерімен ұштастырудың айқын мысалы болды.