«Ата Заң – әділет пен теңдіктің кепілі»

2025 жылдың 4 қыркүйегінде Конституция күніне арналған, Филология факультетінің Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Оңғарбаева М.С., «6B02303 – Шетел филологиясы (батыс тілдері)» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттердің қатысуымен «Ата Заң – әділет пен теңдіктің кепілі» атты танымдық іс-шара өткізді.
Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының (ЦУР) аясында, нақтырақ айтқанда №16 – "Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар" бағыты бойынша ұйымдастырылды. Мақсаты – құқықтық мәдениетті дамыту, заңға құрмет сезімін қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікке баулу болды.
Шара барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік тілде оқылып, негізгі баптар бойынша талдау жүргізілді. Студенттер әр баптың мазмұнын түсініп, құқықтар мен міндеттердің өмірдегі маңызын талқылады. Сонымен қатар, Конституцияның қалыптасу тарихы, мақсаты мен қызметтері қарастырылды.
Сондай-ақ, Ата Заңымыз басқа мемлекеттердің конституцияларымен салыстырылып, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары талқыланды. Бұл қатысушылардың құқықтық көкжиегін кеңейтіп, халықаралық құқықтық нормалармен танысуына мүмкіндік берді.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, студенттер белсенділік танытты. Мұндай шаралар құқықтық мәдениетті нығайтып қана қоймай, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесін қосады.
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы
аға оқытушы Оңғарбаева М.С.