«Тіл және мәдениет» тақырыбында көшбасшылық дәрісFarabi University

«Тіл және мәдениет» тақырыбында көшбасшылық дәріс

5 қыркүйек, 2025

5-наурыз күні Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, философия ғылымдарының докторы Наурзбаева Альмира Бекетовнаның көшбасшылық дәрісі өтті. Дәріс 5-қыркүйек Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі қарсаңында «Тіл және мәдениет» тақырыбында көшбасшылық дәріс сабағы өтті. Сонымен қатар Қазақстандағы мәдениеттану ғылымының даму тарихына тоқталды. Дәріске 6В03102-мәдениеттану 1-курс студенттері қатысты. Студенттер дәріс  соңында тақырыпқа байланысты сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті.