ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІFarabi University

ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

6 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 5 қыркүйек сағат 15.00 де 229  ТДМ – мәжіліс залында Қазақстандағы тілдер мерекесіне орай  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебі «Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – Еліміздегі тіл мерекесіне орай ТДМ 4,16 көрсеткіштеріне сай  «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында студенттер жастарымен іс-шара өткізу болып табылды. Тіл – бұл жай ғана қарым-қатынас құралы емес, ол әрбір ұлттың тарихы, мәдениеті және рухы. Ұлттық тіл – халықтың өзіндік санасының негізі, оның өткені мен болашағын байланыстыратын алтын көпір. Тіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа білім, дәстүрлер мен құндылықтар беріледі. азаматтарымыздың бойында ана тіліне деген құрмет сезім қалыптастасады, қазақстандық рухани бірлік нығаяды, ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету артады.

Ұйымдастырушылар: Кулиев И.У., Тураров Д.Р., Иляшова Г.К., Әбілда С.К.