ТІЛ АҚЫЛДЫҢ ӨЛШЕМІFarabi University

ТІЛ АҚЫЛДЫҢ ӨЛШЕМІ

6 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 5 қыркүйек сағат 18.00 де Экономика және бизнес жоғары мектебі, «Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен №16 Студенттер үйінің мәжіліс залында Қазақстандағы тілдер мерекесіне орай  «Тіл ақылдың өлшемі» тақырыбында іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – ТДМ 4,16 көрсеткіштеріне сай  «Тіл ақылдың өлшемі» тақырыбында студенттер жастарымен іс-шара өткізу. Тілдің адамның ойлау жүйесін, когнитивті дамуын және дүниетанымын қалыптастырудағы шешуші рөлін көрсету, сөздік қордың байлығы ойдың тереңдігі мен жан-жақтылығына тікелей әсер ететінін дәлелдеу. Қалай ойлаймыз – солай сөйлейміз, ал қалай сөйлейміз – солай ойлаймыз деген өзара байланыс арқылы тілдің тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ойды дамыту мен күрделі идеяларды жеткізудің басты тетігі екендігін негіздеу болып табылды.

Ұйымдастырушылар: Кулиев И.У., Тураров Д.Р., Иляшова Г.К., Әбілда С.К.