- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Астанада өткен 15-ші ISAAC Халықаралық конгресіне белсенді қатысты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Астанада өткен 15-ші ISAAC Халықаралық конгресіне белсенді қатысты
2025 жылғы 21–25 шілде аралығында Қазақстан астанасы – Астана қаласында 15-ші ISAAC Халықаралық конгресі табысты өтті. Бұл беделді ғылыми форумға Algeria, Armenia, Belgium, Czech Republic, France, Iran, Japan, Pakistan, Spain, Turkey, United Kingdom және United States елдерінің жетекші ғалымдары қатысып, өздерінің ғылыми зерттеулері арқылы әлемдік ғылымның дамуына үлес қосты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамы аталмыш жиында белсенділік танытты. Олардың қатарында Кангужин Балтабек, Токибетов Жанузак, Койлышов Умбеткул, Кушербаева Ұлбике, Хомпыш Хонатбек, Касенов Сырым, Тілеулесова Айгерім.
Сонымен бірге, кафедраның жас ғалымдары халықаралық деңгейде мойындалған Qalan Science Travel Grant иегері атанды. Бұл мәртебелі грантқа ие болған жас зерттеушілер: Бармағамбетов Сағыныш, Досмағұлова Қарлығаш, Өзбекбай Бақытжан, Тастанқұл Рамазан, Юань Бейбей.
Аталған жетістік университеттің ғылыми әлеуетін нығайтып қана қоймай, жас ғалымдардың әлемдік академиялық ортада тәжірибе жинақтауына жаңа мүмкіндіктер ашты. Бұл қадам БҰҰ-ның 4,9,17 Тұрақты даму мақсаттарына толық сәйкес келеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытып, жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған стратегиялық қадамдарды жалғастырады.
Математика кафедрасының меңгерушісі
Касенов С.Е.
Математика кафедрасының меңгерушісінің
Ғылыми-инновациялық жұмыс және
халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары
Досмағұлова Қ.А.
Басқа жаңалықтар