1-курс докторанттарына арналған хабарландыруFarabi University

1-курс докторанттарына арналған хабарландыру

5 қыркүйек, 2025

Құрметті докторанттар!

Факультет деканаты сіздерді 2025 жылдың 8–12 қыркүйек аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтетін «PhD ORIENTATION WEEK» апталығына қатысуға шақырады.

Барлық іс-шаралар Е. Е. Ергожин атындағы залда (233 аудитория, химия және химиялық технология факультеті) өткізіледі.

Апта барысында жетекші ғалымдар мен мамандардың қатысуымен вебинарлар мен кездесулер өтеді. Онда докторанттарды даярлаудың негізгі мәселелері: нормативтік құжаттар, академиялық ұтқырлық, жарияланымдық қызмет, ғылыми зерттеу этикасы, сондай-ақ табысты оқу мен диссертация қорғауға арналған практикалық кеңестер қарастырылады.
 

Күні Уақыты Тақырыбы Спикерлер
8 қыркүйек 2025 14:00 «Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-да докторанттарды даярлау үдерісі»«ҚазҰУ докторантурасы: негізгі құжаттар, халықаралық мүмкіндіктер және академиялық ұтқырлық» Қуанова Л. А. (Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау басқармасының бастығы)Пешая С. Л. (PhD, доцент, физика-техникалық факультеттің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары)
9 қыркүйек 2025 15:00 «Ғылыми мақала – диссертацияның негізі: практикалық қадамдар, заманауи стандарттар және цифрлық құралдар» Ханиев Б. А. (Эксперименттік және теориялық физика институтының директоры, PhD)
10 қыркүйек 2025 15:00 «Ғылыми зерттеулердің этикасы» Усатаева Г. М. (м.ғ.к., доцент, ЛЭК орталығының директоры, ЮНЕСКО-ның биоэтика жөніндегі аймақтық тренері және т.б.)
11 қыркүйек 2025 15:00 «Докторантурадағы менің жолым: зерттеу, халықаралық тәжірибе және табысты қорғау» Абдрасилова А. К. (PhD, ассистент-профессор)
12 қыркүйек 2025 14:00 «Бастапқы докторанттардың жиі кездесетін қателіктері мен олқылықтары» Батталов Н. Н. (PhD, Алматы қ. бойынша Ревизиялық комиссияның бас инспекторы)

Факультет деканаты