1-курс докторанттарына арналған хабарландыру
5 қыркүйек, 2025

Құрметті докторанттар!
Факультет деканаты сіздерді 2025 жылдың 8–12 қыркүйек аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтетін «PhD ORIENTATION WEEK» апталығына қатысуға шақырады.
Барлық іс-шаралар Е. Е. Ергожин атындағы залда (233 аудитория, химия және химиялық технология факультеті) өткізіледі.
Апта барысында жетекші ғалымдар мен мамандардың қатысуымен вебинарлар мен кездесулер өтеді. Онда докторанттарды даярлаудың негізгі мәселелері: нормативтік құжаттар, академиялық ұтқырлық, жарияланымдық қызмет, ғылыми зерттеу этикасы, сондай-ақ табысты оқу мен диссертация қорғауға арналған практикалық кеңестер қарастырылады.
Күні | Уақыты | Тақырыбы | Спикерлер |
---|---|---|---|
8 қыркүйек 2025 | 14:00 | «Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-да докторанттарды даярлау үдерісі»«ҚазҰУ докторантурасы: негізгі құжаттар, халықаралық мүмкіндіктер және академиялық ұтқырлық» | Қуанова Л. А. (Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау басқармасының бастығы)Пешая С. Л. (PhD, доцент, физика-техникалық факультеттің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары) |
9 қыркүйек 2025 | 15:00 | «Ғылыми мақала – диссертацияның негізі: практикалық қадамдар, заманауи стандарттар және цифрлық құралдар» | Ханиев Б. А. (Эксперименттік және теориялық физика институтының директоры, PhD) |
10 қыркүйек 2025 | 15:00 | «Ғылыми зерттеулердің этикасы» | Усатаева Г. М. (м.ғ.к., доцент, ЛЭК орталығының директоры, ЮНЕСКО-ның биоэтика жөніндегі аймақтық тренері және т.б.) |
11 қыркүйек 2025 | 15:00 | «Докторантурадағы менің жолым: зерттеу, халықаралық тәжірибе және табысты қорғау» | Абдрасилова А. К. (PhD, ассистент-профессор) |
12 қыркүйек 2025 | 14:00 | «Бастапқы докторанттардың жиі кездесетін қателіктері мен олқылықтары» | Батталов Н. Н. (PhD, Алматы қ. бойынша Ревизиялық комиссияның бас инспекторы) |
Факультет деканаты
Басқа жаңалықтар

14 қыркүйек, 2025

13 қыркүйек, 2025

13 қыркүйек, 2025