ҚазҰУ студенттерінің жаңа оқу жылындағы алғашқы мәдени сапарыFarabi University

ҚазҰУ студенттерінің жаңа оқу жылындағы алғашқы мәдени сапары

10 қыркүйек, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Археология, этнология және музеология кафедрасының антропология және этнология, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени антропология мамандығының студенттері жаңа оқу жылының басталуына орай алғашқы мәдени шараға қатысты.

Куратор Әбдінасыр Назираның жетекшілігімен студенттер Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік музейіне барып, еліміздің тарихи-мәдени құндылықтарымен тереңірек танысты. Сапар барысында жастар археологиялық артефактілерді, этнографиялық жәдігерлерді және ұлттық мұраларды тамашалап, кәсіби әрі рухани тұрғыдан мол әсер алды.

Бұл шараның негізгі мақсаты – студенттердің ғылыми дүниетанымын кеңейту, болашақ антрополог мамандардың тарихи-мәдени мұраға деген құрметін арттыру, сондай-ақ жаңа оқу жылына шығармашылық серпін беру болды.