География және табиғатты пайдалану факультетінде әдістемелік семинар өттіFarabi University

География және табиғатты пайдалану факультетінде әдістемелік семинар өтті

12 қыркүйек, 2025

11 қыркүйек 2025 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Академиялық мәселелер жөніндегі»  және «Ақпараттық технологиялар» департаменттерінің қызметкерлері География және табиғатты пайдалану факультетінің профессор-оқытушылар құрамымен семинар ұйымдастырды.

Сонымен қатар,  семинарға «Медицина және денсаулық сақтау» факультетінің Қоғамдық денсаулық сақтау жоғарғы  мектебінің профессор-оқытушылары да қатысты. Жоспарлы семинарға Академиялық мәселелер бойынша департамент директорының орынбасары А.А.Мусинова, Басқарушылық қызметті ақпараттық қолдау бөлімі  басшысы  А.С.Алкожаева, Академиялық және цифрлық инновациялар кеңсесінің басшысы И.И. Круговых қатысып, интерактивті силлабустың функционалдық мүмкіндіктерімен кешенді таныстырып, практикалық түрде нақты көрсетіп, оқытушыларға мол құнды ақпаратттар ұсынып, қойылған сұрақтарына жауаптар алды.