«Елбасы Жолдауының негізгі бағыттары: цифрландыру, инвестиция және қоғамды дамыту»Farabi University

«Елбасы Жолдауының негізгі бағыттары: цифрландыру, инвестиция және қоғамды дамыту»

8 қыркүйек, 2025

Бүгін, 2025 жылдың 8-ші қыркүйегінде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің әлеуметтік және экономикалық жағдайын көтеруге бағытталған, мақсат-міндеттері нақты жолдау жасады. Жолдауда инвестиция, оның ішінде өңдеу саласына және тек ірі көлемді емес орта-шағын инвестиция тарту, инвесторлардың құқығын қоғау мәселелерімен қатар салық жеңілдіктерін ұйымдастыру; өңдеу өнеркәсібін жетілдіру, жер мәселелерін шеше отырып ет-сүт өнімдерімен айналысатын кәсіпкерлерге бөлінген қаржыны уақытылы жеткізілуі мен орынды жұмсалуын қадағалау, сонымен қатар аталған жұмыстарды бір цифрлық жүйе арқылы қадағалауды жетілдіру; көлік логистикасын дамыту мәселесін шешу, атап айтқанда ЖИ пайдалана отырып цифлық жүйе арқылы транспортты және жүкті бақылаудың цифрлық бағдарламасын жасау; туризм саласына көңіл бөлу, тек қана ауқымды туристтік жерлерді ғана емес аймақтық көрікті орындардың туризмін дамытуға жергілікті атқарушы органдарды атсалыстыру; заң жүйесін жетілдіру, бір-біріне қайшы келетін заң кодекстерін түзете отырып, сапалы жұмыс жасайтын даму институттарын құру, жаңа салық кодексін енгізу; әлеуметтік көмектің қажетті уақытта қажетті жерге жетуін қадағалау; ЖИ-ті мәдениет пен өнердің дамуында орынды қолдану; АЭС құрылыстары мен Алатау қаласының цифрлық түрде орталықтандыру тақырыптары ашық талданып, атқарушы орындарға міндеттеме түрінде бағытталды. 
    Президенттің бүгінгі жолдауынан жарық жылдамдығымен алдыға дамып жатқан цифрлық-ақпараттық қоғамда еліміздің дамыған озық елдермен терезесі тең тұруына қажетті ең басты бағыттарды анық байқауға болады. Жолдауда халық әлеуеті мен мемлекет саясатын жақсарту мақсатында ЖИ-ті орнымен қолдану мен басқару жүйелерін цифрлық түрге келтіру барлық экономикалық маңызы бар салаларға енгізуді тапсырды. Жолдауды тыңдай отырып, Президентіміз мемлекетімізді дамыған заман талабына сай цифрлық жүйелерді меңгере отырып, жастарға қолдау көрсету арқылы еліміздің жарқын болашағына айқын қадамдар жасалатынын түсіндім.

Пікір жазған: Механика-математика факультетінің 1-курс магистратура студенті Құдайбергенова А.Қ.